Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс » Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2017

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

Ал, қанеки қыздар сыныптан тыс жұмыс

 

 

 

 

 

                                                                      

 

 

 

                                 

Ал, қанеки қыздар!
(сайыс)

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:                         Ал, қанеки  қыздар!

«Ал, қанеки  қыздар!» атты сайыс
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.
Жоспары (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру.
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.

Сайыс барысы:
1-жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты сайысымызды  бастайық.
2-жүргізуші:
 Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.

3-шарт. «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы
4-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5-шарт. «Тіл өнері»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
6-шарт. «Ас – адамның арқауы» (5-10 мин) салат түрлерін дайындау
7-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - шаш үлгісі

8-шарт. «Сән үлгісі»


1-жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1. Мектеп психологы Шаймухаева Жанна апай
2. Бастауыш сынып мұғалімі Сағабаева Зәуре апай
3.Информатика пәні мұғалімі Нұрмалинова Алтынай апай

 

 Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

2-жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге»
Әр топқа сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

 «Бәйге»

1 киіз үй қабырғасы(кереге)

2 Дәмді ас пісірген маман (аспаз)
3
Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
4. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
5. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
6. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
9. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

10 Іс тіккен кезде саусаққа киетін терім қалпақ (оймақ)



2-жүргізуші:

1 қыз жасауы (сандық)

2матаның екі бөлігін бір-бірімен беттестіріп инемен сирек тігу қалай аталады? (көктеу,жапсыру, жөрмелеу)

3. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
4.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
5Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
6.шайдың отаны (Қытай - Үндістан)
7.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
8. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
9. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

10. жаңа туған сиырдың алғашқы сүті (уыз)

 

1-жүргізуші:                            
ІІІ-шарт. «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы.

Армысың, ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,
Барлығы аянбай - ақ жан салыпты.
Ал енді аруларымыздың тамаша өнерлеріне куә болайық.
Би, ән, көрініс


4-шарт. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

5-шарт. «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)

3.Екі семсер айқасқан,
Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) .

4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық)

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
    Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

 

Мақал-мәтел

1-топ

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Оқу инемен құдық қазғандай.

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Доссыз адам – тұссыз ас.

<!-- [if !supportLists] --> 3.     <!-- [endif] --> Күміс қасық – ішуге сән

<!-- [if !supportLists] --> 4.     <!-- [endif] --> Құрғақ қасық ауыз жыртар

 

 

2-топ.

1. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,          
Ірімшік май құртыңда. (Сүт)

2. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,                 
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) 

3. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол)     

4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)

5. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Мақал –мәтел
2-топ

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Жылқыда өт жоқ,
 Құста сүт жоқ

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Шешесін көріп, қызын ал
Ыдысын көріп, асын іш.

<!-- [if !supportLists] --> 3.     <!-- [endif] --> Көз қорқақ, қол батыр.

<!-- [if !supportLists] --> 4.     <!-- [endif] --> Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – нан


6-шарт «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.

Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5-10 минут)

Келесі 7-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.

8-шартымыз бойынша « Сән үлгісі» қыздар өз қолдарымен тікен киімдерімен таныстырады.


Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

 


Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.