Тіл мерекесі! » Страница 2 » Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
«Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2017

Тіл мерекесі!

Тіліміз тірегіміз , соғып тұрған жүрегіміз

I - жүргізуші:

Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

 

II - жүргізуші:

Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

 

І – жүргізуші:

Қайта туды қазағымның ай – күні,

Күннен – күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

 

ІІ – жүргізуші:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

 

І – жүргізуші:Олай болса осы жарысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік:

1-тур:Таныстыру(топтың аты, ұраны,эмблема,газет)

2-тур:Өз өнері (шығарма, тақпақ, өз шығармашылығы)

3-тур:Мақал сөздің мәйегі(мақал жалғастыру)

ІІ – жүргізуші:

4-тур:Тапқыр болсаң тауып көр(сұрақ-жауап)

5-тур:Слайд

6-тур: қортынды

 

І – жүргізуші:

Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

 

ІІ – жүргізуші:

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

 

І – жүргізуші:

22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

 

ІІ – жүргізуші:

Келесі кезекті 1-турға береміз!... Таныстыру(топтың аты, ұраны,эмблема,газет)

ІІ – жүргізуші:

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

 

І – жүргізуші:

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

 

 

ІІ – жүргізуші: Келесі кезекті 2-турға береміз!... Өз өнері (шығарма, тақпақ, өз шығармашылығы)

Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

 

І – жүргізуші:

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

 

ІІ – жүргізуші:

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

 

І – жүргізуші:

Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

 

ІІ – жүргізуші:

Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

 

І – жүргізуші:

Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

 

Келесі кезекті 3-турға береміз!... Мақал сөздің мәйегі(мақал жалғастыру)

 

 

Тіл, сөз өнер туралы мақал-мәтелдер

Тіл қатынас құралы.


Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ.


Ойы байдың- тілі бай.


Тіл тағдыры-ел тағдыры.


Басқа пәле тілден.


Тіл-көлеңке кілті.


Тіл-тиексіз.


Тіл буынсыз,ой түпсіз.


Тіл қылыштан өткір.


Өнер алды қызыл тіл.


Ана тілі-дана тіл


Бал тамған тілден,у тамар.


Әр ұлттың ана тілі-өзі үшін ұлы.


Піл көтермегенді,тіл көтереді.

Тіл жүйріктен де ………………… (озады).

 

Тіл жүйрік емес,………………(ой жүйрік).

 

Шебердің қолы ортақ,………….(Шешеннің тілі ортақ).

 

 

Басқа бәле ………………….. (Тілден)

 

Піл көтермегенді, …………….(Тіл көтереді).

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,………… (Тілімнен сүріндірме).

 

Бал тамған тілден ……….. да тамар. (у)

 

Тілдің көркі — ……………….. (Сөз)

 

Ойнап сөйлесең де, …………………….. (Ойлап сөйле)

 

Тілі жеткенше сөйлеген шешен,………….. (Қолы жеткенше нұсқаған көсем)

 

 

ІІ– жүргізуші:

Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .

Келесі кезекті 4-турға береміз.... Тапқыр болсаң тауып көр(сұрақ-жауап)

 

Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1989 жылы,22 қыркүйек, екінші рет 1997 жылы, 11 шілде

1 – жүргізуші:

Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

 

2 – жүргізуші:

Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ).

 

1 – жүргізуші:

Қазақтың бес арысы кім?

(Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов).

 

2 – жүргізуші:

Қазақтың үш данасы кім?

(Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин).

 

1 – жүргізуші:

Жеті қазынаны атаңыз.

1. Сұлу әйел

2. Ер жігіт

3. Қыран бүркіт

4. Берен мылтық

5. Жүйрік ат

6. Құмай тазы

7. Ақыл, білім

 

2 – жүргізуші:

Жеті жетімді атаңыз.

 

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

 

 

1 – жүргізуші:

Кім айтады?

О жағы мәрмәр,

Бұл жағы мәрмәр.

Ортасында,

Сандуғашсарнар. (Тістер және тіл)

2 – жүргізуші:

Қызыл түлкі інінен шықпайды. (Тіл)

 

1 – жүргізуші:

Абайдың неше қара сөзі бар? (50-ге жуық)

 

2 – жүргізуші:

Логикалық сауал.

Тамақ пісірер алдында ең бірінші қазанға не салады? (Көз)

 

І – жүргізуші:

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,

Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

 

Келесі кезекті 5-турға береміз Слайд

І – жүргізуші:

 

Келесі кезекті 6-турға береміз қортынды

 

1 – жүргізуші:

Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену – барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізуші – кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры – осы кітапта жатыр. Тіл мен кітап сайып келгенде ел үшін бірі – тірек, бірі – білек, білік, күш-қуат. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл мен кітап қана.

 

2 – жүргізуші:

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтың проблемасы. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеуіндегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көзіміздің қарашығындай қастерлейік.

 

 

1 – жүргізуші:

! Бүгін тілдер туралы біршама деректер алдық деп ойлаймын.

Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазатын уақыт жетті.

Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу!

Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру!

 

 

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

 

 

ІІ– жүргізуші:

Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!

Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.